Бұл туралы әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Дубайға ұшатын әуе рейстері уақытша тоқтатылды
508
оқылды

Қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы Атырау-Дубай бағытындағы әуе рейстерін уақытша тоқтатты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Air Astana 28 маусымнан бастап Атырау-Дубай бағыты бойынша ұшу уақытының едәуір ұзаруына байланысты уақытша орындалмайтынын хабарлайды. Дубайға Астана мен Алматыдан ұшатын рейстер Иран мен Ирак әуекеңістігі тысында жалғасады», делінген хабарламада.

Уақытша тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Алматы және Астана қалаларынан Дубайға немесе Атыраудан басқа бағыттарға тегін қайта брондау не билеттің толық құнын қайтару ұсынылады.