Астаналық құтқарушылар Шұбар шағын ауданындағы Есіл өзенінің арнасын патрульдеу кезінде қайғылы оқиғаның алдын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тыйым салынған орында суға батып жатқан баланы көріп, көмекке асықты.
Құтқарушылар қырағылығы мен жедел әрекеттерінің арқасында 16 жастағы баланы дереу судан шығарды. Жас балаға медициналық көмек қажет болған жоқ.