Петропавлда 41 жастағы қала тұрғыны Николай Емельянов ішімдікке тойып алып, үйінде жанжал шығарған. Кейін бірге тұратын туған әпкесін балағаттап, ауыр сөздер айтқан. Сол үшін ол заң алдында жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.
Туғаны мас күйде жанжал шығарғанда әйел адам дереу полицияға шағымданған. Себебі, бұл бірінші рет емес екен. Айыпталушының ісі бойынша сот жария түрде қаралды.
Аталған іс бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде айыпталушының кінәсі толықтай дәлелденді.
«Николай Емельянов 10 күнге қамауға алынсын», – деді Петропавл қалалық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Дамир Шамуратов.
Айыпталушы да өз кінәсін мойындады. Ол енді мұндай іске бармайтынын жеткізді.