Ел қоржынында әзірге бір медаль бар.
Дзюдодан әлем чемпионаты: Марат Байқамұров 1/8 финалда жеңіліс тапты
607
оқылды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Марат Байқамұров Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліс тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық балуан 1/8 финалда Олимпиада чемпионы әзербайжандық Зелим Коцоевпен белдесті.

Нәтижесінде Зелим Коцоев мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, ел қоржынында әзірге бір медаль бар. Жарыстың бірінші күнінде Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта күміс жүлде еншілеген болатын.