Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Алматы облысында халықтан жиналған қаржыны иемденген әйел ұсталды
Фото: polisia.kz
545
оқылды

Алматы облысында қоғамдық бірлестіктердің бірінің жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, күдікті шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмек көрсету мақсатында халықтан жиналған қаражатты иемденіп алған.

Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді.