Дәрігерлер көкөніс пен жемістің жетіспеушілігі асқазан-ішек жолдары мен жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларына алып келуі мүмкін екенін айтады.
Күніне қанша көкөніс пен жеміс жеу керек?
513
оқылды

Гастроэнтеролог дәрігерлер күніне кем дегенде 400 грамм көкөніс пен жеміс тұтыну қажет екенін айтады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Аlmaty.tv-ге сілтеме жасап.

Мамандар көкөніс пен жеміс-жидек дәрумендер мен микроэлементтерге бай болатындықтан, иммунитетті нығайтып, түрлі аурудың алдын алуға көмектеседі.

ДДСҰ не дейді?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) күніне кемінде бес порция көкөніс пен жеміс жеуді ұсынады. Бұл шамамен 400 граммға тең көлем. Дәрігерлер көкөніс пен жемістің жетіспеушілігі асқазан-ішек жолдары мен жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларына алып келуі мүмкін екенін айтады.

Жапон ғалымдарының зерттеуі

Жапониядағы ғалымдар күнделікті тағамға натто (ашытылған соя бұршағы), қызанақ және жасыл бұрыш қосып тұтыну күйзелісті төмендететінін анықтады. Бұл тұжырым 1 500-ге жуық адамның тамақтану дағдыларына жүргізілген сауалнама нәтижесіне негізделген. Зерттеу көрсеткендей, стреске жиі ұшырайтын адамдарда сапалы тамақтану индексі төмен болған, ал бұл ішек микрофлорасында пайдалы Lachnospira бактериясының азаюына әсер еткен.

Көкөніс пен жемісті жеткілікті мөлшерде тұтыну – денсаулық кепілі. Иммунитетті сақтап, жүрек, асқазан ауруларынан қорғанғыңыз келсе, күнделікті рационға түрлі көкөніс пен жеміс-жидекті қосыңыз. Дәрігерлер кеңесіне құлақ асып, дұрыс тамақтануға ұмтылу – ұзақ әрі сапалы өмірдің басты шарты.