Бүгін Петропавл қаласындағы Назарбаев көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, баспалдақ маршы арқылы 30 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Өрт толығымен сөндіріліп, оның басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз