Жүргізуші мен жолаушы кабинада қысылып қалған.
ТЖМ қызметкерлері жол апатына ұшыраған екі адамды құтқарды
534
оқылды

СҚО Айыртау ауданындағы Шалқар көлінің жанында орналасқан демалыс аймағының біріне жақын жерде жүк көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, салдарынан көлік аударылып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жүргізуші мен жолаушы кабинада қысылып қалған. Болған жайтты құтқарушыларға оқиға куәгерлері хабарлады. 

Құтқарушылар гидравликалық авариялық-құтқару сайманның көмегімен қираған Камаздан зардап шеккендерді шығарып алып, кейіннен ауруханаға жатқызу үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.