Бұл туралы Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Қалмақанұлы жеткізді.
Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотталушылардан алған өтемақыны балалар үйіне беретін болды
859
оқылды

Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай сотталушылардан алған өтемақыны балалар үйіне беретін болып шешкен. Бұл туралы сотта жәбірленушілердің адвокаты болған Мейірман Шекеев elitar.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Адвокаттың айтуынша, Қаржаубай Нұрымов бастапқыдан-ақ қандай да бір қаржылай өтемақыға қызықпайтынын айтып, бар болғаны ұлының атына кір келтірмеуді сұраған.

«Маған ақша керек емес. Баламды қараламаса болды. Менің аманатым сол еді», – деген Қаржаубай тергеу кезінде күдіктілер тарапынан ұсынылған ақшадан бірден бас тартқан.

Кейін белгілі бір сатыда егер ақшалай өтемақы берілетін болса, оны өзінің жеке пайдасына емес, балалар үйіне аударуға ниетті болғанын оның заңгері Мейірман Қалмақанұлы жеткізді.

«Бұл – қылмыспен келген ақша. Егер ол түссе, мен азамат ретінде оны мұқтаж балаларға жіберемін», – деген Қаржаубай Нұрымов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.