Астана қаласында «TURKTIME: парламенттік дипломатияның рөлі» тақырыбында ТүркПА-ның XIV пленарлық отырысы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Іс-шара нәтижесінде ТүркПА-ға төрағалық Әзербайжаннан Қазақстанға өтті. Сондай-ақ Астана декларациясы қабылданады.
Түркі мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы (ТҮРКПА) Қазақстанның бастамасымен 2008 жылғы 21 қарашада құрылды.
ТүркПА мүшелері – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия.
Парламенттік Ассамблеяның басты мақсаттары – тарихи, мәдени және тілдік ортақтық негізінде түркітілдес елдердің заңнамалық және парламентаралық ынтымақтастығын үйлестіру; түркі мемлекеттері арасындағы өзара тиімді ортақ және тең құқылы ынтымақтастығына қолғабыс көрсету, заңнамаларын жақындастыру, тараптар арасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, құқықтық және басқа да қатынастардың дамуына жәрдемдесу.
ТүркПА-ның келесі XV Пленарлық отырысы 2026 жылы Қырғызстанда өтетін болды.