Қазіргі таңда оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.
Алматыда мотоциклмен жүрген жасөспірім шатқалға құлап кетті
562
оқылды

Алматы қаласының Бостандық ауданында жасөспірім 10 метрлік жыраға құлап, құтқарушылардың көмегімен аман қалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Оқиға Үлкен Алматы шатқалында Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) рейдтік іс-шаралары кезінде анықталған.

ТЖМ қызметкерлері мотоциклмен жүрген жасөспірімнің жыраға құлағанын байқап, шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін зардап шеккен бала жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Қазіргі таңда оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Төтенше жағдайлар министрлігі таулы аймақтарда қауіпсіздік ережелерін сақтауға және арнайы қорғаныс құралдарын қолдануға шақырады.