Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Жеңіл атлет Нора Джеруто Гуми екінші алтын жүлдесін жеңіп алды
Фото: ҰОК
641
оқылды

Сайыста қазақстандық Нора Джеруто екінші жеңісіне қол жеткізді.

31 мамырда спортшы 5000 метрлік қашықтықтағы финалдық жарыста жеңіске жетті, – деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитет.

Джеруто 4:58.71 нәтижесімен мәре сызығын кесті.

Үндістандық Парул Чаудхари екінші орынды иеленді (15:15.33), ал жапониялық Юма Ямамото үшінші орынға табан тіреді (15:16.86).

Қазақстан құрамасының еншісінде қазір алты жүлде бар.

Бірінші орынды Нора Джеруто (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру) мен Дейзи Джепкемей (10000 метр) жеңіп алды.

Күміс жүлдені Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) иеленді.

Қола жүлде Джепкемейге (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру) және Ясмина Тоқсанбаеваға (20 шақырымдық спорттық жүріс) бұйырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.