Сонымен қатар күдікті Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындайтынын айтты.
«Жедел жәрдем» деп бақырған кезде  Шерзаттың ағасын ұрып-тептім – Абзал Шынасыл
видеодан скриншот жасалды
1,063
оқылды

Бүгін Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталып отырған негізгі күдікті Абзал Шынасыл сот отырысында жауап беріп жатыр, – дейді Aikyn.kz сайты.

Ол адвокатының «Шынасыл, тағылған айыпты мойындайсыз ба?» деген сауалына жартылай мойындайтынын айтты. Айыпталушы әрі негізгі күдікті Абзал Шынасыл өз сөзін айтып, болған оқиғаны былай баяндады:

«Құрметті сот, болған оқиға туралы айтар болсам, қазан айының 3-і күні үйде едім. Кешкі сағат 19.00 шамасында досым Ильясов Нұрқиясқа қоңырау шалдым. Қоңырау шалып, сөйлесу барысында Ильясов Нұрқияс Сахиев Равиль екеуі Талғар қаласында орналасқан Эйфория ресторанында отырғанын айтты. Сосын 15-20 минутта мен ресторанда болдым. Үйіме жақын болғандықтан, жаяу бардым. Сол кезде үшеуміз отырдық. Одан кейін сыртқа шықтық. Сыртқа шыққан кезде, Жақсыгелді Дана мен Нұрбекова Эльмира келді. Сосын бесеу болдық. Бесеуміз болып, іште отырған кезде шамамен біраз уақыттан кейін Тоқтаубаев Азамат пен Белғожаев Шыңғыс келді. Артынан кейін Тоқтаубаев Нұрбол мен Ысқақ Тұман келді. Сосын бәріміз үстел басында отырған кезде, Тоқтаубаев Нұрболдың ұялы телефонына қоңырау шалды. Сөйлесу барысында Дархан деген есімді естіп қалдым. Қатты мән берген жоқпын. Сосын Нұрбол уайымдап, дос баламды ұрып кетті дейді. Мән бермей, бәріміз би алаңына кетіп қалдық. Би алаңынан қайтып келсек, Нұрбол жоқ екенін байқадым. Содан кейін біраз отырдық. «Түнгі сағат 00:00-ден кейін мейрамхана жабылатынын ескертті. Сол кезде үстел басында Тоқтаубаев Азамат пен Шыңғыс Белғожаевтың жоқ екенін байқадым. Сосын Тоқтаубаев Азаматпен ұялы телефон арқылы сөйлестік. Ол маған қоңырау шалып, «Абзал, ағам Тоқтаубаев Нұрбол мен досын Менделеев көшесіндегі дүкенде ұрып кетіпті бір балалар, барып алып кетейікші» деді. Басшылық ескерткен соң, сағат түнгі 12-де шығып бара жатқанбыз. Сыртқа шықсақ, Шыңғысқа тиесілі автокөлікте Тоқтаубаев Азамат пен Белғожаев Шыңғыс тұр екен. Бәріміз қасына бардық. Олар қара көлікке мініп кеткен екен. Мен көлікке сыймай, қалып кеттім. Ресторан ішіне кірдім. Сол жерде Талғат Әшірбаев деген танысымды көрдім. Бос болсаң, мені Менделеев көшесіне, Жастар стадионы жаққа апарып тасташы дедім. Ол мені Менделеев көшесіне апарып тастайтын болып, бірден келісті», – дейді Абзал Шынасыл.

 Күдікті дүкеннің алдындағы болған жағдай туралы былай дейді:

«Көшеге шыққанда адамдар шулап, төбелесіп жатқанын көрдім. Сосын көліктен түсіп қалдым. Солардың арасынан ұзын бойлы, сақалды жігіт, яғни Нұрқанат Ғайыпбаев маған қарай жүгірді. Оны оң қолыммен бір рет ұрдым. Кейін ол «Қамажай» дүкенінің қасындағы «Береке» деген дүкенге қарай жүгіріп кетті. Ол жерде қараңғыда бір машина тұрған. Көлік маркасын біле алмадым. Соның багажына барды ол. Мылтық алып шықты да, бізге қарай келіп, оқтап, «стоять!» деп боқтап, аспанға оқ атты. Сол кезде орнымда қатып қалдым. Сол жағымда Ильясов Нұрқияс тұрды. Ар жақтағы балалар жоғары қашты. Бер жақтағылар артқа қарай қашты. Орнымнан қозғалмай тұрып қалдым. Оқтап, бізге қарай жақындады. 5-6 метр ме, бізге көздеп тұрды. Сол кезде мен айттым, таста мылтығыңды деп. Сөйлесейік деп едім, атамын деп боқтады. Атсаң ат деп айғайладым. Сол кезде атып жіберді, отырып қалдым. Сол құлағымның жанынан оқ өткенін сездім. Құлағым шыңылдап кетті. Біздің арамыздан бір бала үшінші рет оқтап жатқан кезде мылтығына қарай жүгірді. Қаруын тартып алғысы келді де, қаруын берген жоқ ол. Баланы шалып құлатты», – деп сөзін жалғады күдікті.

Бұдан бөлек, Абзал Шынасыл Шерзат Полат жерде құлап жатқан кезде ағасы жедел жәрдем шақырып жатқанын, ал ол сол сәтте ағасын ұрып-тепкенін айтты.

«Ол мылтығымен Шота Руставели көшесімен жоғары қарай кетті. Алдындағы бала жүгіріп бара жатты. Мен де көшені жағалап, оның артынан бардым. Сол кезде оның қасындағы Шерзат Полат жерге құлады. Неден құлағанын білмейді екенмін. Шалынып құлаған шығар деп ойладым. Сол кезде ол отырды. Отырып: «Жедел жәрдем, жедел жәрдем» деп бақырған кезде, мен оны барып тептім де, ұрдым да. Сол кезде арқамнан біреу тартты. Ол Дархан Әскентай екен. Оны танымай қалып, екі рет ұрып жібердім», – дейді Абзал Шынасыл.

Бұған дейін күдікті Абзал Шынасылдың өзін камераға түсіре беруге келіскенін жазған едік.