Бұл туралы оның адвокаты Абенов айтты.
«Камераға түсіре берсін»: Шерзатты өлтірді деген күдікті бет-жүзін көрсетуге келісті
видеодан скриншот жасалды
1,685
оқылды

Бүгін Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталып отырған негізгі күдікті – Абзал Шынасыл сот отырысында өзінің келбетін бұқаралық ақпарат құралдарына көрсетуге келісім берді, – дейді Aikyn.kz сайты.

Еске салайық, дәл қазіргі уақытта Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты көпшіліктің назарын аударған қылмыстық іс бойынша сот процесі жүріп жатыр.

Бұған дейін жауапқа тартылып жатқан бірнеше күдікті – Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Белғожаев, Ілиясов, Такиев және Шынасыл – бет-жүздерін жұртшылықтан жасыруды талап еткен еді. Алайда бүгінгі отырыста басты күдіктінің бірі бұл шешімнен бас тартып, түрін көрсетуге келісім білдірді.

«Біз келістік. Бұл кісі камераға түсіре берсін дейді. Ешқандай жасыратын ештеңесі жоқ. Бар шындықты айтамын деп отыр. Сондықтан камерадан бас тартпайды. Бізге отырып сұрақ қоюға рұқсат беруіңізді сұраймыз»,  деді оның адвокаты.