Қазіргі киноларда бейәдеп сөз көп. Тіл тазалығын сақтамайды.
«Режиссерге қателігін айтсаң, киноға шақырмай қояды» – актер
Фото: видеодан скриншот
593
оқылды

Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Балтабай Сейітмамытұлы AbaiTV-дағы «Сарасөз» бағдарламасының жүргізушісі Сәкен Сыбанбайға берген сұхбатында театрда бірге жұмыс істеген әріптестері туралы естелік айтты. 

Биыл 75 жасқа толып отырған актер мерейлі жасты өз өміріне есеп беретін шақ деп санайды. 

«... Кезінде бес жыл Әуезов театрында жұмыс істедім. Замандастарым Уайс Сұлтанғазин, Әнуар Боранбаев, Әшірәлі Кенжеев, кейіннен Құдайберген Сұлтанбаев, Мейірман Нүрекеевтер 50 жас мерейтойын атап өтті. Елу жасын атап өткен соң көпке ұзамады... Топалаң етіп бір толқын өмірден өтіп кетті. Одан бері жиырма жылдай уақыт өтті. Театр, кинода еңбек етіп келеміз», – деп замандастарын еске алды. 

Актер қазіргі кинода бейәдеп сөздер, кейіпкерлер тіл тазалығын сақтамайтынына қынжылады. 

«Қазір біреуге ескерту айтудың өзі де қиын. Кинодағы бейәдеп сөздер өте көп кездеседі. «Киноны көріп отырғанда аузы толған балағат сөз болса, не болады?..» деп ескерту айтсаң жақтырмайды. «Режиссер» екінші рет киноға түсуге шақырмай қояды...», – дейді.    

Бұған дейін Евгений Брусиловский, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Қанабек Байсейітовтер бір үйге жиналып карта ойнап, қандай мәселені талқылағаны туралы жазған болатынбыз.