Азия мен Мұхит аймағының 16 үздік жасөспірімдер құрамасы 16 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алу үшін бақ сынауда.
Қазақстан команда капитаны Сергей Квак пен ойыншылар Мансұр Саинов, Михаил Мищенко және Аңсар Ниетқалиевтің жетекшілігімен Д тобына түсті. Бұл топта сонымен қатар Қытай, Иран және Жаңа Зеландия құрамалары бар.
Бастапқы кездесуде қазақстандықтар Жаңа Зеландияны 3:0 есебімен жеңді.
Алғашқы ойында Михаил Мищенко шешуші үшінші сетте сіңірінің тартылуына қарамастан, Бленд Лукадан 6:3, 5:7, 6:4 есебімен басым түсіп, командаға алғашқы ұпайды сыйлады.
Мансұр Саинов командаға екінші ұпайды алып келді – ол Юн Лиамды 6:1, 6:0 есебімен тізе бүктірді. Ал жұптық кездесуде Мансұр мен Аңсар Ниетқалиев Аливин/Лиам жұбын 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша Д тобында Қазақстан көш бастап тұр. Қытай екінші орында. Екі командада үш ұпайдан бар.
20 мамыр күні Қазақстан құрамасы Қытайдан 0:3 есебімен жеңілген Иран құрамасына қарсы ойнайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.