Қатты жел салдарынан жалын жақын маңдағы құрғақ шөпке тараған.
Абай облысында қоқыс полигонында өрт шықты
Видеодан скриншот
498
оқылды

Семей қаласынан 12 шақырым жердегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт тіркелді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Қатты жел салдарынан жалын жақын маңдағы құрғақ шөпке тараған.

Құрғақ шөптегі өрт толық сөндірілді. Құтқарушылар шамамен 2 гектар аумақта жанып жатқан қоқысты сөндіру және өртті оқшауландыру жұмыстарын жалғастыруда. Өрт болған аумақта топырақ себу және тазарту жұмыстары жүргізілуде. 

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз