Оралда 67 жасар әйел 8-қабаттан құлап өлді, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. Бұл фактіні БҚО ПД растады.
5 мамыр күні 8-қабаттан әйел адам құлап, қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы қала тұрғыны жедел жәрдем көлігі жеткенге дейін өліп кеткенін айтты.
8-қабаттан құлаған науқасқа қатысты қоңырау жедел жәрдем стансасына сағат 16:42-де түсті. Науқас жедел жәрдем қызметі жеткенге дейін жан тапсырған.
68 жасар әйелдің 8-қабаттан қалай құлап кеткені әзірге белгісіз. Полиция оқиғаның мән-жайын әзірге айтпай отыр.
Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА, Батыс Қазақстан облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.