26-27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-3 градус аяз болып, түнде үсік жүреді деп болжанады.
«Күн суытып, бұршақ жауады»: 26-28 сәуірдегі ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
8,204
оқылды

"Қазгидромет" РМК мамандары елімізде алдағы үш күндегі ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронттардың жылжуына байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ түсуі де мүмкін.

Нөсер жаңбыр мына өңірлерде жауады:

27 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында;

28 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында.

Республикамыздың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

26-27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-3 градус аяз болып, түнде үсік жүреді деп болжанады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.