Байқауға қатысушының ең кішісі – небәрі 6 жаста екен.
Оқушылар АҚШ-та өтетін әлемдегі ең ірі робототехника чемпионатында ел намысын қорғайды
Фото: istockphoto
541
оқылды
Қазақстаннан жеті команда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship атты мектеп оқушыларына арналған ең беделді инженерлік жарысқа аттанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл чемпионат 110 елден келген 50 мыңнан астам жас инженер мен өнертапқыштарды біріктірді. 2025 жылғы маусымының тақырыбы – суасты әлемін зерттеу және қорғау. Биыл Қазақстан бұл байқауға бұрын-соңды болмаған ауқымда – бірден 7 командамен қатысып отыр. Жолдаманың көбеюі – еліміздің мектеп робототехникасының халықаралық беделі артып келе жатқанын көрсетеді.
«Біздің командалар – маусымның басты фавориттері. Қазақстанның қоржынына тағы да жүлделер мен жеңістер қосылады деп үміттенеміз», – деді USTEM Foundation қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.
Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионаты – Almaty Tech Cup нәтижесінде іріктелді. Ел атынан қатысып жатқан командалар: Atlantis – «Сатурн» мектебі, Павлодар қаласы; PID – Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; Cristabol – Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; Skillset – «Skillset» мектебі, Астана қаласы; JelToqSun және Rasslexx – «Мұрагер» мектебі, Қарағанды қаласы.
Айта кетейік, Қазақстан – FIRST GLOBAL робототехникасынан 190-нан астам ел қатысатын әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы: Женева (2022), Сингапур (2023), Афина (2024).
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.