«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райының нашарлауы күтілуде: жауын-шашын, жел екпіні, тұман және көктайғақ, шаңды дауыл, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Күндізгі ауа температурасының оң болжамына байланысты ТЖМ келесі сақтық шараларын ұстануды ұсынады: қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан, қар басқан беткейлерге шығудан аулақ болыңыз; су айдындарындағы мұз қабатының ықтимал бұзылуына және азаюына байланысты мұзға шығуды шектеңіз, - делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.