Бірінші президент саябағындағы тоғанда балықтар қатып, қырылып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Видеода Бірінші президент саябағындағы тоғанды көруге болады. Бейнежазба авторы егер балық аулауға тыйым салынса, онда билік су айдындарында қолайлы жағдай жасап, тіршілік иелерінің қырылуына жол бермеуі керек екенін атап өтеді», – делінген HALYQSTAN Telegram арнасы материалында.
Тараздағы барлық қалалық саябақтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қарамағындағы «Жасыл ел Тараз» ЖШС-ның қарамағында.