АҚШ президенті бұған дейін кәсіпкер қарсы болмаса, қытайлық компанияны сатып алуға рұқсатын берген еді.
Маск Tik-Tok-ты сатып алмайтын болды
Фото: Gonzalo Fuentes/Reuters
881
оқылды

Илон Маск TikTok-ты сатып алатыны туралы қауесетті жоққа шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Америкалық кәсіпкер TikTok-ты сатып алу туралы ұсыныс жасамағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол АҚШ президенті Дональд Трамптың америкалық бизнесменнің қытайлық ByteDance компаниясына тиесілі қосымшаны иеленуіне қарсы болмайтынын айтқаннан кейін бір апта өткен соң хабарлады.

Маск TikTok-ты жеке өзі пайдаланбайтынын, оның форматын білмейтінін және бұл платформаға қатысты ешқандай жоспары жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Twitter-ді (қазіргі X) сатып алуы ерекше жағдай болғанын және әдетте компанияларды нөлден бастауды жөн көретінін айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.