Астанада 30 қазанда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Тұман, көктайғақ, жел: 30 қазанға ауа райы болжамы жарияланды
819
оқылды

«Қазгидромет» РМК  30 қазанға ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астанада 30 қазанда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың орталығында көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың орталығында, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Жезқазғанда 30 қазанда түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз көктайғақ.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қостанайда 30 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

30 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады.

Қарағандыда 30 қазанда көктайғақ болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте 30 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістанда 30 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

30 қазанда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырауда 30 қазанда кей уақытта тұман түседі.

30 қазанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Өскеменде 30 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

30 қазанда түнде Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

30 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Көкшетауда 30 қазанда түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

30 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

30 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі.

30 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ болады. 30-31 қазанда түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Таразда 30-31 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.