Кейін өз салмағына оралатынын жеткізді.
Салмағын ауыстырған Мұхамедсабыр Базарбайұлы халықаралық турнирде жеңіске жетті
Фото: ҰОК
5,703
оқылды

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Мұхамедсабыр Базарбайұлы Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде Айбек Төлегеновті жеңіп, жарысты сәтті бастады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz. 

«Бұл – Олимпиададан кейінгі алғашқы жарысым. Бірінші раундта рингте еркін сезіндім. Парижден соң көп демалдық. Қазір 67 келі салмақта жарысқа қатысып жатырмын, бірақ кейін өз салмағым 63 келіге ораламын», - деді боксшы Qazsport телеарнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған турнир 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Шымкент қаласында өтеді. 

Айта кетейік, Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған турнирге Қазақстаннан төрт құрама қатысады. Алайда Ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшылары арасынан Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) бұл турнирге қатыспайтыны белгілі болды.

Жарысқа ұлттық құрамадан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина құрамаларынан спортшылар келетіні айтылды. Сонымен қатар Түркия және Египет құрамаларымен де келіссөздер жүргізілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.