3-5 қазан күндері «Барыс Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан «Denis Ten Memorial Challenge 2024» V Халықаралық турнирі өтеді.
Денис Тенді еске алады
509
оқылды

Турнирге 31 елден 120-ға жуық спортшы қаты­сады, олар­дың арасында Диас Жи­рен­баев (Қа­зақ­стан), Даниэль Грассль (Италия), Анастасия Губа­нова (Грузия), Старр Эндрюс (АҚШ), Алекса Ра­кич (Канада), Йе Куан және Ханна Лим (Оң­түстік Корея) және бас­қалары бар.

Жарыс екі санатта өтеді  – ересектер мен жа­сөспірімдер, жеке конькимен сырғанау және мұз биі. Турнир 3 және 4 қа­зан­да сағат 11.00-ден 20.00-ге дейін және 5 қазанда сағат 19.30-да марапаттау рә­сімі мен гала-шоу өтеді. Іс-шара Қазақ­станның туризм және спорт министрлігінің, Астана әкім­дігінің және Sportqory қол­дауымен ұйымдас­тыры­ла­ды. Жарыс кестесі ұйымдастыру­шының, яғни «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры @denistenfoundation ресми парақша­сында жарияланады. Көрер­мен­дерге кіру тегін.