65 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жаудан баспана толықтай жермен-жексен болған.
Ақмолада өрт кезінде ер адам қаза тапты
526
оқылды

Ақкөл ауданына қарасты Еңбек ауылында тұрғын үй түгелдей өртеніп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Өкінішке орай 65 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жаудан баспана толықтай жермен-жексен болған. 

– Оқиға орнына жеке құрамның 7 адамы және 2 техникасы бар ТЖ күштері дереу жұмылдырылды. 

Таңғы 06:55-те оқшауланған өрт 08:18-де толық өшірілді. Өрт орнында үйінділерді аршу кезінде 1966 жылы туған азаматтың денесі табылды. 

Өрт туралы кеш хабарланғандықтан өрт сөндіру қиындады, – деді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.. 

Төтеншеліктер азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

 

Абзал Алпысбайұлы

Ақмола облысы