Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент көп мәселені айтты.
Қоғамдағы қордаланған мәселені шешу ортақ мәселе екенін ұмытпайық – Мәжіліс депутаты
852
оқылды

Президент Үкіметтің алдына қойған мәселе туралы Атырау облыстық мәслихатының депутаты Айгүл Әмірғалиева пікір білдірді. 

Депутаттың айтуынша, Үкіметтің нақты міндеттерін айқындады. Көзделген нақты меже – еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6 пайызға өсуі керек. 

Демек, экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретінде бизнесті дамытуға мүмкіндік жасалады. Әсіресе, Салық кодексіне орай режимдердің өзгеруі маңызды. Кәсіпкерлерді бизнесін дамытуға ынталандыру тетігі осы режимдерде ескерілмекші. Осылайша, бизнес өкілдеріне еркіндікке ие болу арқылы өз істерін дамытуға жайлы орта қалыптасады. Әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету – ел алдындағы экономикалық міндетті орындаудың бастамасы. 

Қордаланған мәселелерді шешу әрқайсымыздың өз әрекетімізге байланысты екені де есте ұстайтын қағида. Бәріміз жұмыла еңбектенсек, алға дамимыз.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан "Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын көтеру" деп ел ішіндегі мәселені айтқан еді.