Грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады.
Магистратураға түсуге құжат қабылдау қашан басталады?
Фото: baq.kz
2,152
оқылды

Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында өтеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Оның ішінде "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары"даярлау бағытына 1 758 грант, "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға" 569 грант, "Педагогикалық ғылымдарға" 469 грант, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға" 461 грант бөлінген.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Биыл кешенді тестілеу 2-8 желтоқсан аралығында өтіп жатыр. Жалпы, тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданған.