Иран атып түсірген Boeing қара жәшігінің шифрін ашатын техникалық мүмкіндігі жоқ екенін айтты
Иран атып түсірген Boeing қара жәшігінің шифрін ашатын техникалық мүмкіндігі жоқ екенін айтты
Фото: Интернеттен алынды
355
оқылды
Иран Тегеран маңында атып түсірілген украиналық Boeing-737 жолаушылар ұшағының қара жәшігінің шифрін анықтауға техникалық мүмкіндігі жоқ екенін мойындады. Мұндай хабарды NBC телеарнасына берген сұхбатында Иранның сырты істер министрі Мұхаммад Жавад Зариф айтқан. Айта кетейік, 8 қаңтарда Тегеран әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing – 737 жолаушылар ұшағын Иран әскерилері атып түсірген болатын. Ұшақ бортында болған 176 адамның барлығы қаза болды. Апаттан соң, араға уақыт салып, Иран билігі ұшақты әуе шабуылынан қорғану жүйесі қателесіп атып түсіргенін ресми түрде мойындады. Дереккөздің жазуынша, басында Тегеран апатты халықаралық сарапшылармен бірге зерттеуге келіскен, бірақ қазір қара жәшікті басқа елге беруден бас тартып отыр. Дегенмен қара жәшіктегі ақпаратты алу үшін Иранға америкалық компанияның техникалық құжаттары мен программалық жабдықтаулары керек. Зарифтің сөзіне қарағанда Иран шифрді ашу үшін көмек сұрағанмен компания бас тартқан. Бұған дейін ұшақ апатынан азаматтары қаза тапқан бес мемлекет Ираннан қара жәшікті беруді талап еткен. Бірақ Иран тарапы қара жәшікті беруден бас тартты. Иранның сырты істер министрі Мұхаммад Жавад Зарифтің айтуынша, Иранның ұшақ апатын өз бетінше зерттеу мен қара жәшікті өзге мемлекеттерге бермеуге толық құқығы бар көрінеді.