БАҚ өкілдерімен кездесті
БАҚ өкілдерімен кездесті
183
оқылды
Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаевтың жетекшілігімен брифинг өтті. Өңірлік коммуникацияның ашық алаңында облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті.  Баспасөз мәслихатында Ж.Жөргенбаев Nur Otan пар­тиясы Алматы облыстық фи­лиа­лының 2019 жылдың қо­ры­тын­дысын және биылғы жос­­пар­­ларын бөлісті. «Nur Otan пар­­­тиясының 7 сер­піні» бағдар­ламасының 6-серпінінде бе­л­гі­ленген мақсатты жұмыстар мен тап­­сырмалар жайлы айтты. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы Саяси ке­ңесінің кеңейтілген отырысында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 сер­піні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын жариялаған болатын. Осы тұста бағдарламаның алтыншы сер­пінінде қарқынды ақпараттық-идео­логиялық жұмысты ұйым­дас­тыру тапсырмасы жолға қойылған.
– Бүгінгі күні Nur Otan өзі­нің ақпараттық стратегиясын түбегейлі қайта қарауда. Біздің мақсат – бұқаралық ақпарат құ­ралдарымен тығыз байланыс орнату, объективті және жедел ақпарат тарату, халықтың сеніміне ие болу. Осы тұста бұқаралық ақпарат өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеу бағыттарын жан-жақты қарастырудамыз, – деді Ж.Жөргенбаев.
Ол сонымен қатар алғаш рет құрылып отырған белсенді партия ардагерлері қауымдастығының мақсаты мен міндеттеріне де ерекше тоқталып өтті.   Абылайхан ЖҰМАШ