Қазақстанда мектепке әкелуге тыйым салынған заттардың тізімі бекітілді
Қазақстанда мектепке әкелуге тыйым салынған заттардың тізімі бекітілді
668
оқылды

Министрліктің мәліметінше, бұл тізімге қарудың барлық түрі, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, сондай-ақ тесуге және кесуге арналған заттар кіреді.

«Тыйым салынған заттардың тізімін әзірлеуге біз былтыр кірістік. Тізім Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Цифрлық даму министрліктерімен, ҰҚК, Бас прокуратурамен және Жоғарғы сотпен бірлесіп жасалды», – деді министр Асхат Аймағамбетов.

Бұдан былай мектептерге қару мен оған сыртқы ұқсастығы бар заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады. Шаншитын, кесетін және өткір заттарды, өнеркәсіптік құралдарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш, улы, психоактивті заттарды әкелуге және пайдалануға болмайды.

Егер балалар осы тыйым салынған заттарды мектепке әкелсе, олардың ата-аналары мен заңды өкілдері жауап береді.