Google компаниясы Нью-Йорк қаласында жаңа офисін ашты. Жаңа кеңсе өзінің көлемі мен жабдықталуымен таңғалдырады.
Үлкен қалаларда, сауда орталықтарында орнатылған цифрлық дүңгіршектер жанынан өтіп бара жатқан адамның телефонынан деректер жинайды. Ол деректерді жергілікті билікке береді немесе жарнама берушілерге сатады.
Жаңа америкалық көліктерде жеке деректер құпия сақталмайды. Көлік жасаушы компаниялар азаматтардың жеке деректерін жинап, оларды маркетингтік мақсатта басқаларға сатып жібере алады.
Сіз жазған мәтін бойынша видео түсіретін Sora платформасы кино режиссерлер арасында үрей туғызды. Жасанды машина түсірген фильмдер қорқыныш туғызады.
14 жасқа толмаған балаларға TikTok, SnapChat және Instagram-ды пайдалануға тыйым салатын заң жобасына қол қойылды. Олар ата-анасының келісімінсіз бұл платформаларда аккаунт аша алмайды.
Сіз жасанды интеллект маманы болсаңыз, мықты код жазушы болсаңыз, электронды поштаңызға Цукербергтен жақсы жалақы ұсынған хат келуі мүмкін. Жіберіп алмаңыз.
BMW шығарған жаңа электрлі жол талғамайтын көлік Tesla-мен бәсекелесуге дайын екенін көрсетті. BMW Vision Neue Klasse X деп аталатын көліктің алғашқы суреттері жарияланды.
Әлем сәулетшілерінің қиялынан туған тағы бір ғажайып ғимарат салынбақшы. Жасыл бақ оның ішінен өсіп шығады.
Бес жұлдызды теңіз лайнерінде әлемдік мұхиттарда саяхаттау көп адамға қымбат болып көрінуі мүмкін. 40-тан астам круизде болған тәжірибелі саяхатшы бес жұлдызды круиз лайнерлерінде де бағаны екі-үш есе арзандату жолдары бар екенін айтады.
Президент автомобиль өнеркәсібінің электрлі көліктерге көшуін жеделдету мақсатында бұрын-соңды болмаған ең қатаң ережелерді жариялады. Жоспар бойынша 2032 жылға қарай сатылатын жаңа көліктердің 56%-ы электрлі болуы тиіс.
Биіктігі 700-800 метр болатын ғимараттар әлемнің бірнеше елінде бар. Ал бұл құрылыс жер сілкінісіне төзімді ең биік ғимарат.
Микротолқындардан ешқандай қауіп жоқ. Бірақ пластикпен оралған тағамдарды қыздыру зиянды. Соңғы зерттеулер осыны көрсеткен.
Сүйреткіш сымарқанмен жалғанған жүк планерлері әуетасымалын арзандата алады. Ұшақтың артына тіркелген мұндай планер үлкен көлемдегі жүктерді тасымалдауға арналған.
Атақты автокөлік өндірушісі сенімді жұмысшыларды таба алмай, енді роботтарды жұмысқа жалдауға көшті. Күрделі және қайталанатын тапсырмаларды орындау үшін Mercedes-Benz өз зауыттарында адам тәрізді гуманоид роботтарды сынауды бастады.
Прокурор «құпия құжаттармен жұмыс істегенде Президент олардың маңызын ескермейтінін» мәлімдеген. Журналистер ChatGPT мен Claude чат-боттарынан Президенттің когнитивтік қабілеттерін талдауды сұраған.