Бес жұлдызды теңіз лайнерінде әлемдік мұхиттарда саяхаттау көп адамға қымбат болып көрінуі мүмкін. 40-тан астам круизде болған тәжірибелі саяхатшы бес жұлдызды круиз лайнерлерінде де бағаны екі-үш есе арзандату жолдары бар екенін айтады.
Саяхатты арзандатуға болатын үш әдіс
Теңіз саяхатына шақырған лайнерлер. Фото cruisestime.ru сайтынан алынды
1,678
оқылды

Теңіз круизіне барғысы келетін саяхатшылар оны қымбат деп ойлайды, бірақ оны арзандату құпияларымен businessinsider.com сайты бөліседі. Aikyn.kz осы материалға сілтеме жасап, өзінің оқырмандарына бес жұлдызды лайнермен теңіз саяхатына шағын бюджетпен қалай шығуға болатынын түсіндіреді.

Әлемдегі ең үлкен Royal Caribbean компаниясының ғажап Icon of the Seas атты круиздік лайнері. Лайнерде бір мезгілде 10 000 адам саяхаттай алады. Фото royalcaribbean.com сайтынан алынды

29 жастағы Элли Хуберс 40-тан астам круизге шығып, 59 елде болған тәжірибелі саяхатшы. Хуберс саяхатқа шығарда бірнеше тәсілдерді қолданып, оның құнын едәуір арзандатуға болатынын айтады. Мысалы, саяхатшы ертерек тапсырыс беріп ең арзан бөлмені таңдайды, саяхат уақыты жақындағанда оның деңгейін тегін жоғарылата алады. Бұл бірнеше мың долларды үнемдейді. Сонымен бірге саяхатшылар ақылы экскурсиялар мен іс-шаралардың өте қажеттерін ғана таңдап, лайнерде көрсетілетін тегін шараларды мұқият зерттеп, қолдануларына болады.

Атақты Royal Caribbean компаниясының круиздік лайнерлері әлемдегі ең үлкен, керемет қызмет көрсетеді деп саналады, оның бағасы да қымбат: жеті күндік Кариб теңізіндегі круиз бір адамға 3 137 доллардан басталады. Ал ең сәнді люкс санатындағы нөмірлері шамамен 5 200 доллар тұрады.

Саяхатшы Элли Хуберс 40-тан астам круизде болып, 59 елді аралаған. Ол круизді қалай арзандату керектігін жақсы біледі.  Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторлығы: Allie Hubers

Бірақ жолаушылар круизде ақшаны үнемдеуге және тамаша демалуға болатынын тәжірибелі саяхатшы Элли Хуберс жақсы біледі. 3 жасынан бастап саяхаттап жүрген Хуберс жолаушылар круизден не қалайтынын алдын ала дұрыс анықтап алса, бюджеттік шығындарын азайтуға болатындарын айтады. «Саяхатта немесе круизде қызықты іс-шараларға ақша төлеудің қажеті жоқ. Өзіңіз қандай шығындарға дайын екеніңізді және саяхаттан өзіңізге не керектігін анықтау маңызды», – дейді ол. Бұл круиздік лайнердегі ең арзан ішкі каюталар. Фото cruiseradar.ru сайтынан алынды

Хуберстің айтуынша саяхатқа шыққан жолаушылар круиз кезінде ақшалар үнемдей алатын үш әдіс бар.

Бірінші. Бастапқыда ең арзан нөмірге тапсырыс беріңіз және саяхат уақыты жақындағанда оның деңгейін көтеруге болатын мүмкіндікті қолданыңыз. Жақында Хуберс күйеуімен Royal Caribbean круиздік лайнерімен Канар аралдарына барған. Алғашында олар ең арзан бөлме санатындағы ішкі нөмірге тапсырыс берген. Сапарға шығудан бірнеше күн бұрын ерлі-зайыптылар бос орындар болғандықтан, арзан нөмірлерін теңізге қараған балконы бар бөлмеге ауыстырған. Осылайша, 1 000 доллар үнемдеген.

«Мен бұл тактиканы бірнеше рет қолдандым және ол әрқашан ақшаны үнемдеуге көмектеседі», – дейді Хуберс.

Егер жақсы нөмірді круизден бірнеше апта бұрын сатып алса, тағы да айтарлықтай қаржыны үнемдеуге болады екен.Арзан нөмірлерді осындай қымбат люкс дәрежесіне тегін ауыстыруға болады. Фото cruisetips.ru сайтынан алынды

Екінші әдіс. Саяхатта лайнерде көрсетілетін қызметтердің өзіңізге ең маңыздыларына   басымдық беріңіз. Барлық круиздерде тамақ пен көптеген ойын-сауық түрлері тегін болады. Бірақ  ақылы қызметтер де бар. Мысалы, кемедегі кейбір мейрамханаларда кешкі ас ақылы болуы мүмкін.

Теңіз круизінде 3 рет тамақтану әрқашан нөмірдің бағасына кіреді. Таңғы ас, түскі және кешкі ас арасындағы үзілістер 1-2 сағаттан аспайды. Сондықтан тегін тамақтанатын мейрамхана күні бойы қызмет көрсетеді.

Лайнер жағалауға келіп тоқтағанда жағалауға экскурсиялар ақылы болуы мүмкін. Элли Хуберс саяхатшылар қандай жағалауда қыдырғысы келетінін алдын ала таңдап, кездейсоқ шығындарға ұшырамауына кеңес береді.

«Мысалы, біз ақшамызды үнемдеу мақсатында ең қызықты деген екі экскурсияға тапсырыс беруді шештік», – дейді саяхатшы жақында Канар аралдарына барған круизі туралы.

Royal Caribbean компаниясының лайнерлеріндегі  Royal Loft Suites  деп аталатын қымбат нөмірлер. Фото cruisetips.ru сайтынан алынды

Үшінші. Круиздің басталатын жеріне дейін жету саяхатты қымбаттатуы мүмкін, сондықтан несие картасында жиналатын бонустарды пайдалану керек. Астанадан Жерорта теңізіндегі, Парсы шығанағындағы немесе Америкадағы круизге бару үшін ол жерге ұшақпен баруға тура келеді. Бұл отбасылық бюджетке қосымша салмақ салады, әуе билетінің құны қосылады. Мұндай жағдайда мүмкіндігінше несие картадағы бонустарға, Air Astana компаниясында жиналған nomad бонустарын пайдалану арқылы шығындарды азайтуға болады. Ұшу сапарына бірнеше ай бұрын тапсырыс беру де әуе шығындарын едәуір азайтуға көмектеседі.

«Менің күйеуім жұмысындағы іссапарларында жиналған ұшу және қонақүй ұпайларын қолданды, сондықтан біз көптеген рейстерді, автокөліктерді жалға алуды және несие картасының ұпайлары бар қонақүйлердің бағасын арзандата алдық», – дейді саяхатшы Хуберс.

Тәжірибелі саяхатшылар наурыз айынан бастап өздерінің жазғы саяхаттарын жоспарлай бастайды. Қазірден бастап ертерек берілген тапсырыстардың құны жаз айларындағы бағадан бірнеше есе төмен. Саяхатты дұрыс жоспарлау, алдын ала тапсырыс беру арқылы демалысты арзан әрі қызықты етіп өткізуге әбден болады. Жазғы демалысыңызды сәтті өткізіңіз! Наурыз мейрамы құтты болсын!