Ер адам 14-қабатқа өз үйіне көтеріліп, терезеден секірмек болды.
Алматыда күзетшіні сабаған күдікті 14-қабаттан секірмек болды
фото: Абзал Калиев
534
оқылды

Әлеуметтік желіде Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін аяусыз өлтірген күдіктіге қатысты жаңа мәліметтер пайда болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кісі өлтіру оқиғасы Самал-3, 25 шағынауданында, «Меркурий Тауерс» тұрғын үй кешенінде болды. Полиция келген кезде күзетшіні ұрып-соққан ер адам жасырынуға тырысты. Содан кейін 14-қабатқа өз үйіне көтеріліп, терезеден секірмек болды. Полиция қызметкерлері оған бұл ойын іске асыруға жол бермей, күдіктіні ұстады.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме беріп, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, күзетші мен ТК тұрғыны арасында жанжал туындап, 45 жастағы ер адам күзетшіге ауыр жарақат салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция.