«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, бүгін, 29 наурызда Астанада жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыс жел кейде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қатты жел мен жаңбыр: ТЖД елорда тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
293
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, бүгін, 29 наурызда Астанада жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыс жел кейде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Құтқарушылар тұрғындардан мұқият және сақ болуды сұрайды. Үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, билбордтардың жанында, ағаштардың астында желден жасырынбаңыз. Сынған сымдар мен тербелмелі белгілерге жақындамаңыз. Автокөлікті кәрі, жалғыз ағаштың жанына қоймаңыз.

Төтенше жағдайлар кезінде Астана билігі «109» қызметіне хабарласуды сұрайды.

Бүгінгі таңда қаланың барлық коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.