Шығынды жергілікті бюджет есебінен өтеу үшін зардап шеккендерден өтініштерді жедел жинау жүргізілуде.
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсетіле бастады
405
оқылды

29 наурыз күні Қостанай облысының әкімі Қ.Ақсақалов төтенше жағдай режимі жарияланған өңірлердегі су тасқынына қарсы іс-шаралар жөнінде Арқалық қаласында жедел штаб отырысын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Отырыс барысында барлық зардап шеккен халыққа әлеуметтік көмек көрсету басталғаны мәлім болды.

«Зардап шеккендердің барлығына жедел түрде әлеуметтік көмек көрсету қажет. Халық күтіп отырмауы үшін бүгін барлық үйлерді аралаңыз!» – деп тапсырды Құмар Ақсақалов.

Барлық үш өңірде залалды өтеу жөніндегі аудандық комиссиялар құрылып, құрамына барлық қажетті уәкілетті органдар кірді.

Шығынды өтеу бағалау жүргізілгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Барлық үш аудан үшін бағалаушы болып белгіленген «Стелла» ЖШС-мен келісімшарт қол қою кезеңінде тұр.

Шығынды жергілікті бюджет есебінен өтеу үшін зардап шеккендерден өтініштерді жедел жинау жүргізілуде.

Сонымен қатар, су тасқынынан неғұрлым көп зардап шеккен «Қызыл жұлдыз» ауылының тұрғындарынан 185 өтініш жиналды. Оларға демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен отбасының әрбір мүшесіне 100 мың теңге, барлығы 18 500 мың теңге сомасында жедел көмек көрсету туралы шешім қабылданды.

Жергілікті атқарушы органдар халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Облыс басшылығы халыққа келтірілген залалды өтеу мәселелері жөнінде кездесулер өткізді.