Ондаған жыл бойы жолаушылар ұшағының формасы еш өзгеріссіз келеді. Америкалық әуе конструкторлары ұшақтардың жаңа дизайнын ұсынды.
Бұл ұшақ отынды 2 есе аз жағады
Аралас қанатты ұшақ отынды 2 есе аз тұтынады. Фото JetZero сайтынан алынды
1,462
оқылды

Қанаттардың орналасу формасын өзгеру арқылы отынды екі есе үнемдейтін ұшақты сынаудың басталғанын newatlas.com сайты жариялады. Америкалық сайтқа сілтеме жасаған Aikyn.kz жаңа ұшақтың қанаттарының формасының тиімділігін түсіндіреді.

Федералды авиация әкімшілігі (FAA) ұшуға рұқсат берді. Фото JetZero сайтынан алынды

Жолаушылар ұшағының негізгі пішіні ондаған жылдар бойы өзгерген жоқ, бірақ түбегейлі жаңа пішіндерді қолдануға әуе тасымалдаушылары назар аудара бастады. JetZero өзінің аралас қанатты ұшағының демонстраторы сынақ ұшуларын бастау үшін АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігінің (FAA) рұқсатын алғанын хабарлады.

JertZero компаниясы ұшақтың қанаттарының жаңа концепциясын ұсынды. Аралас қанатты ұшақта фюзеляж бен қанаттар біріктіріліп, кәдімгі әуе лайнері мен ұшатын қанат арасындағы крест тәрізді тегіс пішінді құрайды. Ұшақтың қанаты мен фюзеляжі бірігіп көтеру бетін жасайды.

Бұндай өте ұтымды аэродинамикалық дизайн отын тиімділігін айтарлықтай жақсартады. JetZero оның аралас қанаты стандартты реактивті ұшақпен салыстырғанда отынды 50% аз пайдаланады деп мәлімдейді.

Отын осыншалық үнемдеу ұшу шығындарды айтарлықтай азайтады және алыс қашықтыққа трансконтинентальдық ұшулар үшін мүмкіндіктер ашады. Егер JetZero ұшақтарының аралас қанаты батарея-электр, сутегі немесе аммиак сияқты таза авиациялық қуат қондырғыларымен біріктірілсе, артықшылықтар одан да құнды болуы мүмкін.

Сонымен бірге аралас қанат дизайны жүктер мен жолаушылар үшін көбірек орын береді, бұл ұзақ қашықтыққа ұшуда қиналған кез келген адам үшін жағымды өзгеріс. Бұл салондағы пайдалы кеңістігі ұлғайған авиакомпаниялардың да арманы.

АҚШ Әскери-әуе күштері аралас қанатты ұшақтарға тапсырыс беруде. Фото vpk.name сайтынан алынды. Авторлығы: Boeing 

JetZero өткен жылы АҚШ Әскери-әуе күштерімен, NASA және FAA-мен аралас қанатты лайнерін 2030 жылға дейін пайдалануға беру үшін жұмыс істеп жатқанын жариялаған еді. Содан кейін тамызда Әскери-әуе күштері 2027 жылға дейін аралас қанатты ұшақтың прототипін жасауға JetZero-ға тапсырыс бергені жарияланды.

Компания FAA ұшақтың шағын демонстранттарына ұшуға жарамдылық сертификатын бергенін хабарлады. Pathfinder деп аталатын бұл модельдің қанатының ұзындығы 7 метр, бұл толық өлшемді ұшақ өлшемінен 12,5% құрайды.

Аспанда бұндай аралас қанатты ұшақты бірнеше жылда көреміз деп үміттенеміз. Соңғы уақытта Airbus-дан Zeroavia-ға дейінгі үлкенді-кішілі әуе компанияларындағы жаңа концепциялық ұшақтарға деген сұранысты ескерсек, аралас қанаттың уақыты келген сияқты және енді бірнеше жылда жолаушылар ұшақтардағы кеңістіктің ұлғайғанын сезінетін болады деп ойлаймыз.