Ұшақпен саяхаттағанда пайдалануға болатын революциялық лайфхак туралы білесіз бе? Бұл функция сіздің iPhone-да бар. Сіз оны білмеуіңіз мүмкін.
iPhone-нда осындай функция бар екенін қолданушылар білмейді
Ерекше функция тек iPhone-да жұмыс істейді. Фото na-dache.pro сайтынан алынды
1,699
оқылды

Өмірді жеңілдететін, уақытты үнемдейтін көптеген оңтайлы құралдар гаджеттерде орнатылған. Соның бірін кеше (28 наурыз) businessinsider.com сайты жариялады. Aikyn.kz өзінің оқырмандарын iPhone-дағы осы ерекше функциямен таныстырады.

Apple-дің бас директоры Тим Кук те бұл функция туралы білмеуі мүмкін. Фото Reuters агенттігінен алынды. Авторы: Loren Elliott

Ұшу сапары кезінде ойламаған өзгерістер мен күтпеген жағдайлар болып тұрады. Бұл өзінше бір күйзелістерге ұшыратуы мүмкін. Оның алдын алуға, салдарларын жеңілдетуге болады.

Мысалы, жай ғана iPhone смартфонында өзіңізге рейс нөмірін SMS арқылы жіберу арқылы жоспарланған әуе рейсінің кез келген өзгерістері туралы хабардар болып отырасыз. Бұл вирустық лайфхак сізге ұшу сапары туралы соңғы ақпаратты телефоныңызға шығарады.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Жаңа iPhone-ға кезекке тұрғандар. Фото chonoko.com сайтынан алынды

Ұшақпен сапарлаған әрбір адам билет сатып алғаннан бастап, әуежайға қашан бару керек, рейс уақытында ұша ма немесе кешіктіріле ме, қандай терминалға бару керек, әуе кемесіне отырғызу қақпасы қайда деген көптеген сұрақтарға тап болады. Бұл өзінше бір күйзеліс, стресс.

Соңғы минуттарда шығу мен отырғызу қақпасы өзгеріп кетуі де мүмкін, соңғы сағаттарда рейс кейінге шегерілуі мүмкін. Бақытымызға орай, ұшуға байланысты ақпартты бір жерден алатын, барлығын алдын ала білуге көмектесетін қарапайым тәсіл iPhone-да бар.   

Бұрын әуе компаниясының қызметкері болған Дарби Малони кәсіби кеңесін наурыздың  басында TikTok-та жариялаған, ол видео қазір вирустық болып таралып кеткен.

Әуе сапарыңыз туралы ақпаратты алу үшін ешқандай сайтқа, әуежай анықтамасына хабарласудың мүлдем керегі жоқ. Алдымен iPhone арқылы сіз өзіңізге рейс нөміріңізді SMS арқылы жібересіз. Тасымалдаушының кодын, рейс нөмірін дұрыс көрсетіңіз.

Мысалы, American Airlines үшін бұл код AA болса, Air Astana-да латын әріптерімен KC деп бекітілген. Міне, былайша:

Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторы: Sarah Jackson

Сіздің жіберген рейс нөмірі сілтеме ретінде пайда болады. Сілтеме бойынша өтіп, сол жерден «Ұшуды алдын ала қарау» түймесін басу керек. Төменде:

Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторы: Sarah Jackson

Сіздің рейсіңіз туралы маңызды ақпарат бар тірі карта пайда болады. Ол рейс күйін, терминал мен қақпа туралы ақпаратты, кету және келу уақыттарын, ұзақтығы мен багажды алатын орынды көрсетеді. Егер сізде транзиттік рейс болса, сол рейс нөмірін де өзіңізге жібере аласыз.

Бұл лайфхак тек сіз үшін ғана емес, жақындарыңызға да пайдалы. Егер сізді әуежайдан біреу күтіп алса, олар сіздің рейсіңіз уақытында келетінін немесе кешігетінін осы функцияны пайдалана алады. Тек оларға рейс нөмірі туралы қысқа SMS хабарлама жіберсеңіз болған.

Ұшу сапарларыңыз әрқашанда жеңіл әрі сәтті болсын!