Тұрғындарды уақытша орынға жеткізу үшін 3 автобус бөлінді.
Аягөз өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты өңірде 172 тұрғын эвакуацияланды
383
оқылды

Абай облысына қарасты Аягөз ауданында өзендегі су деңгейі көтеріліп, 172 адам мектеп-интернат жатақханасына эвакуацияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Аягөз өзенінің су деңгейі көтеріліп кетті. Сақтық шараларын сақтау мақсатында өзен іргесінде орналасқан Төлендин көшесіндегі 43 жеке тұрғын үйден 172 адам эвакуацияланды.

– Тұрғындарды уақытша орынға жеткізу үшін 3 автобус бөлінді. Алайда азаматтардың көпшілігі туған-туыстарының үйлеріне кетті. Қалғандары мектеп-интернат жатақханасына және жасөсіпірімдер спорт мектебіне орналастырылды, – делінген ақпаратта.