Тараптар кеңейтілген форматта екі елдің әскери саладағы қарым-қатынастарының ағымдағы жай-күйін талқылады.
Қазақстан мен Тәжікстанның Қорғаныс министрлері екіжақты кездесу өткізді
848
оқылды

Астанаға Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Шерали Мирзоның басшылығымен әскери делегация келді. 

Тәжікстан қорғаныс ведомствосының басшысы алдымен құрмет қарауыл ротасының сүйемелдеуімен «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды. 

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Тәжікстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Шерали Мирзоның кездесуі өтті.  

Тараптар кеңейтілген форматта екі елдің әскери саладағы қарым-қатынастарының ағымдағы жай-күйін талқылады. 

Сапар бағдарламасында делегацияның ҚР Ұлттық қорғаныс университетіне, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларындағы Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарына баруы көзделген.