Бұл туралы «Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметі мәлімдеді
«Ақжайық» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды
Фото: kazfootball.kz
1,491
оқылды

Қуаныш Қарақұлов «Ақжайық» футбол командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қуаныш Қарақұлов бұрын «Жігер», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Атырау» сияқты командаларда ойнаған.

Ал бапкер ретінде «Мақтаарал», «Академия Оңтүстік» секілді командаларды жаттықтырған.

«Ақжайық» футбол командасы биыл да бірінші лигада өнер көрсетеді. Аталмыш футбол клубы өткен маусымда төртінші орыннан көрініп, премьерлигаға шыға алмаған болатын.