Бірінші күдікті Диловар Исломов лаңкестер мінген Renault көлігінің негізгі иесі.
«Крокустағы» лаңкестік: шабуылға қатысы бар бүтін бір отбасы мүшелері ұсталды
Фото: dzen.ru
4,087
оқылды

Бірінші күдікті Диловар Исломов лаңкестер мінген Renault көлігінің негізгі иесі, – деп хабарлайды Aikyn.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Ол таксист болып жұмыс істеген. Лаңкестік шабуылдан екі апта бұрын көлігін Мәскеуде сатып жіберген. Ал көліктің лаңкестердің қолына қалай түскені түсініксіз.

Оның ағасы Аминчон Исломов та таксист болып істейді.

Екеуі де «Крокустағы» қырғынға тікелей қатысқан Шамсидин Фаридуниді лаңкестік топқа тартты деп айыпталып отыр.

Ағайындылардың әкесі Исройл Исломовқа да осындай айып тағылған.