Оқиға орнында Qarmet басшылығы, Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі, ТЖД мамандары жұмыс жүргізіп жатыр.
70 адам эвакуацияланды: Қарағанды облысындағы шахтада төтенше жағдай болды
Фото: ortcom.kz
1,109
оқылды

Ленин шахтасының D6 орталық конвейер көлбеуінде көмірқышқыл газы деңгейінің жоғарылауы тіркелді. Әзірге зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Qarmet баспасөз қызметі шахтада желдету жүйелерін сынау кезінде болған штаттан тыс жағдай туралы мәлімдеді. Көмір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада бүгін көміршқышқыл газының жоғарылағаны туралы ақпарат хабарланды. 

"Автоматты датчиктермен желдету жүйелерін тексеру бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде 54-ші пикет ауданындағы Д6 170 м горизонт орталық конвейерлік еңісте көмірқышқыл газының деңгейінің жоғарылауы тіркелді. Осының салдарынан жөндеу жұмыстарына тартылған кеншілер бригадасын эвакуациялау жоспары дереу енгізілді. Қабылданған шұғыл шаралар нәтижесінде 70 шахта қызметкері қауіпсіз жерге шығарылды. Кеншілер арасында зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Qarmet-тің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында Qarmet басшылығы, Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі, ТЖД мамандары жұмыс жүргізіп жатыр.

"Штаттан тыс жағдайдың алдын ала себебі шахтаның желдету жүйесінің жабдықтарын сынау кезінде көмірқышқыл газының деңгейінің жоғарылауы болып отыр. Мұндай жұмыстар кен орнында 2017 жылдан бері жүргізілмеген. Аталған сынақтар тау-кен жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік жүйелері мен еңбек жағдайларының аудиті бойынша ауқымды жұмыстардың бір бөлігі болып табылады", - деп қосты компаниядан.