35 жастағы қала тұрғыны қолында жоқ қызғалдақ гүлін сату арқылы табыс табуды ұйғарған.
Алматыда жұртты «қызғалдақ сатамын» деп алдап,  ақша алған адам ұсталды
798
оқылды

Алматыда жоқ қызғалдақтарды сатқан күдікті анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz-тің жазуынша, 35 жастағы қала тұрғыны қолында жоқ қызғалдақ гүлін сату арқылы табыс табуды ұйғарған. Ер адам түрлі интернет сайттарында қызғалдақ гүлін нарық бағасынан төмен бағада сататыны туралы хабарландыру жариялаған. 

«Аңғал азаматтар гүлдерге жаппай тапсырыс беріп, ақшаны «сатушының» шотына аударған. Қазіргі уақытта тергеушілерде осыған ұқсас 6 дерек бар. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу барысында күдікті қамауға алынды. Оның жеке басы бұрын жасалған осыған ұқсас эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.