Өтелмеген қарызы бар Toyota Highlander автокөлігінің иесі көшелерді патрульдеу кезінде «Қорғау» бағдарламасының көмегімен анықталды.
Түркістан облысында 90 миллион теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды
Фото: polisia.kz
920
оқылды

Түркістан облысында 90 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz  ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтелмеген қарызы бар Toyota Highlander автокөлігінің иесі көшелерді патрульдеу кезінде «Қорғау» бағдарламасының көмегімен анықталды.

«Жедел басқару орталығынан патрульдік полицейлердің планшетіне трассадағы борышкердің көлігі бойынша сигнал түсті. Тексеру кезінде полицейлер Қызылорданың 46 жастағы тұрғыны сот орындаушының қаулысына сәйкес,  90 миллион теңгеге жуық берешегі бар екенін анықтады.

Заң талаптарына сәйкес полицейлер көлікті айыппұл тұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірді», –  делінген хабарламада.