AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы болып Ақерке Ескендірова сайланды. «Жастар Рухы» – бұл 20 жылдан астам тарихы бар ұйым ғана емес, өз қатарында 100 мыңға жуық белсенді жас қазақстандықты біріктірген ірі бірлестік.
«Жастар Рухына» – жаңа төраға
647
оқылды

«Жастар Рухының» не­гізгі міндеттерінің бірі – Мем­лекет басшысының Әді­летті Қазақстанды құру жөніндегі реформаларын жүзеге асыру жолында жаст­ардың күшін біріктіру. Жастар қанаты көптеген ірі әлеуметтік, патриоттық және мәдени бастаманы жүзеге асыруда.

 «Жастарға жұмыс» жо­ба­сы аясында еліміздің бар­лық өңірінде және ірі қала­ларда жастарға ар­нал­ған бос орындар жәрмеңкесі ұйым­дас­тырылды. Нәтиже­сінде 25 мыңнан астам жас жұ­мыс­қа орналасуға жолда­ма алды. Экологиялық са­уат­ты­лықты арттыруға баса мән беретін «Tazalike» жоба­сы өз жалғасын тауып отыр. Жоба аясында еліміздің барлық өңірінде 100 мыңнан астам адамның қатысуымен 1100-ден аса экологиялық акция өткізілді.