«AMANAT» партиясының мүшелері Астана қаласының алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығымен танысты.
«AMANAT»: Астанада су тасқынына 500 қызметкер, 150-ден астам техника сақадай сай тұр
642
оқылды

Партиялықтар Есіл өзенінің тасқын суынан қорғау бөгетінің жай-күйін тексерді.

Нысан Ақмола облысындағы Целиноград және Аршалы аудандарының, Күйгенжар кенті мен Майбалық көлінің оңтүстік жағалауының аумағына дейін орналасқан.

 

Жалпы, Астана су қоймасының сыйымдылығы 410,9 млн текше метрді құрайды. «Нұра-Есіл» және «Майбалық» арналары қардан тазартылды. Мамандардың айтуынша, елорданы су басу қаупі өте төмен.

Сонымен қатар шаһардағы Партиялық бақылау комиссиясы Астана қаласы әкімдігі өкілдерінің су тасқыны маусымына дайындығы туралы баяндамасын тыңдады. Қыс айлары басталғалы бері коммуналдық қызметтер елорда аумағынан 4,4 млн текше метр қар шығарды.

 

Қаладағы Төтенше жағдайлар департаментінде 500-ден астам қызметкер, сондай-ақ 150-ден астам техника, 3 қайық, 65 мотопомпа және 3 дрон сақадай сай тұр.