Президент Парламентте қаралып жатқан сол жобаны осы сессияның соңына дейін қабылдау қажеттігін айтты.
«AMANAT» партиясы лудоманияға қарсы заң жобасын әзірледі
717
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құмарпаздыққа заң жүзінде шектеу қою қажет екенін айтты.

Айтуынша, «AMANAT» партиясы лудоманияға қарсы заң жобасын әзірледі.

«Біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу үшін кешенді жоспар қабылдадық. Үкімет лудоманиямен күреске қатысты дәл сондай жоспар қабылдауы керек. Құмарпаздыққа заң жүзінде шектеу қою қажет. «AMANAT» партиясы фракциясының бастамасымен осы мәселе бойынша тиісті заң жобасы әзірленді. Парламентте қаралып жатқан сол жобаны осы сессияның соңына дейін қабылдау қажет.

Біз жастардың құмар ойынға салынып, арзан табысқа ұмтылуына жол бермеуіміз керек. Адал еңбекпен тапқан табыс қана берекелі болады», – деді ол.