«AMANAT» партиясы «Қа­рыз­сыз қоғам» жобасының ара­лық қорытындысын шы­ғар­ды. Биыл қаңтар-ақпан ай­ларында ел аумағындағы 15 мың отандас қаржылық сауатын арттырып, оқыту курсынан өтті.
Жаңа қаржылық мәдениет қалыптастыру маңызды
705
оқылды

«Қарызсыз қоғам» жобасына қатысқан 100-ден астам әйел Ал­ғыс айту күні мен 8 наурыз мерекесі қарсаңында Астанада арнайы бас қосып, қарыздан құтылудың, отбасы табысын арттырудың тә­жірибесімен бөлісті. Шараға Мә­жіліс Спикері, «AMANAT» пар­тиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Halyk bank-тің Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова, «Қарызсыз қо­ғам» жобасының жетекшісі Ақ­марал Бекмұрзаева және министр­лер мен депутаттар қатысты. Одан бөлек, өңірлерден келген жоба түлектері өздерінің тәжіри­белерін ортаға салды.  

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» пар­тиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Президент ел азаматта­рының шамадан тыс несие алуы мәселесіне бірнеше рет назар ау­дар­ғанын атап өтті. Мемлекет бас­шысының тапсырмасы бойынша қиын жағдайға тап болған отбасылардың несиесі кешіріліп, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылданды, халықтың несиеге тәуелділігін төмендету бо­йынша жаңа заңнамалық тү­зетулер әзірленуде. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл күрделі әлеу­меттік мәселені шешу үшін қоғам­да жаңа «қаржылық мәдениет» қалыптастыру қажет.

«Өздеріңіз білетіндей, партия «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру жөнінде тың бастама кө­терді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қолдап, оның ауқы­мын жалпыхалықтық деңгейге шығаруды тапсырды. Бұл жұмысқа Үкімет пен Ұлттық банк қосылды. «Қарызсыз қоғам» жобасы қарызға белшеден батып, үмітін үзгендерге нақты қолдау көрсетеді. Жоба қолда бар қаражатқа өмір сүруге, қажетсіз несиеден бас тартуға үйретеді. Барлық аймақтағы азаматтар бұл жобаға қолдау білдіріп, оны жалғастыруды сұрап отыр», – деді Мәжіліс Төрағасы.

«AMANAT» партиясы «Қа­рызсыз қоғам» жобасын үнемі же­тілдіріп келеді. Жобаға қатысу­шылардың 75%-ы – әйелдер. Оның жартысынан көбі – көп­ба­лалы аналар. Партия оларға жағ­дайды жақсартудың жаңа құралын ұсынды. Атап айтқанда, оқудан өткен әйелдер жеке кәсібін бастау үшін қайтарымды грант пен лизингке құрал-жабдық сатып ала алады. Бастама аясында жыл соңына дейін 3 500 әйелді қамту жоспарлануда.

«Бұл ретте біз бүгінгі кездесуге қатысып отырған кәсіпкер әйел­дердің тәжірибесіне сүйенгіміз келеді. Сіздердің міндеттеріңіз – жоба тәлімгерлерімен бірлесіп, әйелдерді оқыту және оларды тұрақты табыс табатын деңгейге жеткізу. Олар өздеріңізге қарап бой түзейді. Сіздер үлгі болу­ла­ры­ңыз керек. Бұл – «Қарызсыз қо­ғам» жобасын жүзеге асырудың жаңа кезеңі», – деді Ерлан Қошанов.

Қазір қазақстандықтардың несие бойынша қарызының кө­лемі 18 триллион теңгені құрап отыр. Былтыр пилоттық жоба ре­тін­де басталып, жақсы нәтиже көр­сетіп, қатысушылардың ба­сын­дағы қарыз бен несие ауырт­палықтарынан құтылуына ықпал еткен «Қарызсыз қоғам» жобасын түбегейлі түрде іске қосу туралы шешім қабылданған. Осылайша, «AMANAT» партиясының халық­тың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жо­басының ауқымы кеңейіп, жал­пыұлттық жобаға айнала бас­та­ға­ны белгілі.  Биыл жобаға еліміздің бүкіл өңірімен қоса, республика­лық маңызы бар 3 ірі қала – Астана, Алматы, Шымкент қосылып отыр. Осыған орай отандастары­мызға барынша ыңғайлы болуы үшін Qogamfin.kz арнайы білім беру платформасы да әзірленді.

«Қарызсыз қоғам» жобасының арқасында өңірлерде көпбалалы аналар мен зейнеткерлер өз кә­сіпорындарын ашып қана қоймай, жерлестерін еңбекақымен қамта­масыз етуде. Сонымен қатар «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов жыл соңына дейін 3 500 әйелді қа­рыздан шы­ғару жоспарланып отырғанын айтты.

Сонымен бірге жиын барысында сөз алған Halyk bank-тің Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі Үміт Шаяхметова азаматтардың банктерден алатын несие шұғыл қажеттілікке емес, дұрыс жоспар құруға бағыт­талуы керек екенін баса айтты. 

«Біздің банк қарызға батқан азаматты тысқа итеріп тастамай, керісінше өзімізге тартып, бар мәселесін шешуге көмектесеміз. Азаматтың қай жерде қате жібергенін тексеріп, қаржылық сауатын арттыруға тырысамыз. Азаматтарымыз банктерден қарыз алған шақта оның қайтарымы мен өсімі барысына бас ауыртпайтыны шындық. Біз «AMANAT» партиясымен бірлесіп, осы бір түйткілдің түйінін тарқатуға белсенді түрде атсалысып жатырмыз. Жобаны жүзеге асыру барысында қарызы бар азаматтардың көбі әйелдер екеніне көзіміз жетті. Осы мақсат­та әйел қауымының қаржылық сауатын арттыру мен әйел кәсіп­кер­лерді қаржылық қолдау мәсе­ле­сіне жіті назар да аударылып отыр», – дейді Halyk bank-тің Басқарма төрағасы.

Еске салсақ, 2024 жылдың 5 ақ­панында «Қарызсыз қоғам» жоба­сының екінші толқыны басталып, жобаға еліміздің бар­лық облыстары мен қалаларында кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін бар болғаны qogamfin.kz сайтында сұраныс қалдыру қажет.

Осы жылы «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 750 мың отандасымыз оқыту курсынан өтеді. Олар­дың қатарына еліміздің жоғары және орта оқу орындары мен мектептер де тартылды.  

«AMANAT» партиясы Үкі­мет­пен бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жо­басының ауқымын кеңейтуді жос­парлап отыр. Биыл жобаны жү­­зеге асыру үшін бірнеше ком­мер­­ция­лық банктер қолдау білдіруде. 

Өз кезегінде, жоба жетекшісі Ақмарал Бекмұрзаева несие бо­йынша 90 күннен астам уақыт төленбей келген берешегі бар отан­дасымыздың саны 2 млн-ға жуық­тайтынын айтты. Бұл – ха­лық­тың 10%-ын және экономи­калық белсенді азаматтардың шамамен 20%-ын құрады екен. 

«Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушылардың 58%-ы – төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылар. Ал қарыз өтеу мерзімі 90 күннен асатын азаматтардың үлесі – 18%. Әрбір екінші қатысушының отба­сындағы ортақ табысы 100 мың теңгеге де жетпейді. Сонымен қа­тар курстан өткен азаматтардың үштен бірінде екі немесе одан да көп несие бар. Сондықтан жоба жеке тұлғаның ғана емес бір отба­сының ауқымды мәселесін шешу жолында ерекше игілікті іс болып отыр», – дейді Ақмарал Бекмұр­заева.

«Қазір Үкімет пен «AMANAT» партиясының бірлесіп қолға алып отырған «Қарызсыз қоғам» жобасына оң ықпал ету мақсатында министрлік бірнеше заң жобасын даярлап, Парламентке ұсынды. Аталмыш заңнамаларда қаржы ұйымдарының азаматтарға несие берудің біршама шарттары өзгере­тін болады. Оның ішінде тұтыну­шылық кредиттердің өсімін едәуір шектеу мен қатар онлайн түрде несие алумен қоса, коллекторлық ұйымдардың несие өндіру ісі де пысықталатын болады. ІІМ-мен бірлесіп, алаяқтық жолмен несие рәсімдеушілердің қитұрқы әре­кеттері де қатаң түрде пысықта­латын болады», – деді Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлт­тық экономика министрі Нұрлан Байназаров.

«Жолдасымның табыс көзі 150 мың теңге болатын. Өзім отбасында бала күтімімен отырдым. Банктен 1 млн теңге несие алып тұрып жатқан үйімізді жөндейміз деп ойладық. Кейін несие төлеу кезінде жолдасымның жалақысы­ның көп бөлігін банкке салып отыр­дық. Рас, басымызға қиын­дық­­тар түсе бастады. Кейін «Қа­рыз­сыз қоғам» жобасы туралы естіп, қаржы сауаттылығымды арт­тырып, кәсіп ашу туралы ше­шім қабылдадым. Осылайша, «Ауыл аманаты» жобасы негізінде жеңілдікпен 4 млн 400 мың теңге несие алып, 8 бас ірі қара мал сатып алдық. Бүгінде осы кәсіптің отбасымызбен нәсібін көріп отырмыз. Ауылдастарыма жоба барысын түсіндіріп жүрмін. Қазір біздің ауылда «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы несие рәсімдегісі келіп отырған аналар­дың қатары қалың», – дейді Түркістан облысы Сайрам ауданынан келген көпбалалы ана, кәсіпкер Айнұр Есенова. 

Қазір елімізде әйел азамат­тарының басында ірі көлемдегі қарыздар бар екені туралы мәселе көтеріліп жүр. «AMANAT» пар­тия­сы осы бір әлеуметтік пробле­ма­ның шешілу жолын айқындау мақсатында биыл аталмыш жобаны отбасылық жағдайға назар сала отырып жүргізуді қолға алған. 

 «Кәсіппен айналысқаныма 28 жыл болды. Жергілікті мал өнім­дері оның ішінде жүннен түрлі өнімдер өндірудеміз. Бұл әсіресе, ауыл азаматтары үшін ерекше қолайлы жоба болып отыр. Ауыл халқының көбінің алдында банк­тік несие бар. Кейбірі қайтара ал­май отыр. «Қарызсыз қоғам» жо­басы осы мақсатта өзінің тиім­ділігін көрсетуде. Алдымен, әр азамат өзінің қолдағы қаражатын қалай жұмсау керектігін үйренуі керек. Өз басым алғаш кәсіп бас­таған шақта біршама қиындыққа ұшырап шығынға баттым. Ол уа­қытта мұндай бағдарлама болған жоқ. Бүгін өзім аяққа тұрған кә­сіп­кер болсам да осы жобаға арнайы қатысып жүрмін. Себебі білмейтінім көп екенін түсінем. Сонымен бірге өзім сияқты жан­дарға септігім тисін деймін. Осы жобадан үйренгенімді өзгелерге жеткізейін деген мақсатпен келдім. Кәсіпкер қыз-келіншектерді қолдап, олардың табанды болуына жоба жетекшілерімен бірлесіп күш салмақпын», – деп отыр Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округінен келген кәсіпкер Ләззат Мұрат­қызы.

«Мен осы жоба туралы әлеу­мет­тік желіден естіп, үлкен ойға қалдым. Өзімнің кәсіпкер болсам деген арманымның жүзеге асуын қолдайтын жоба екен деп шешіп, бірден модераторға жазылдым. Қаржылық сауаттылық туралы арнайы курсты тәмамдаған соң отбасымызбен кәсіп ашуға тал­пын­дық. Бизнес жобамызды дайындап, облыстық деңгейдегі  жа­рияланған 5 млн теңге көлемін­дегі қайтарымсыз грантқа қаты­сып, бағымызды сынадық. Бүгінде тілегіміз орындалып, өз кәсібімізді аштық. Қазір ауылда отырып шұ­жық шығарып жатырмыз. Бо­ла­шақта таза өніміміздің көлемін арт­тырып, өзге өңірлерге жө­нел­ту­ді мақсат етіп жүрміз. «Қа­рыз­сыз қоғам» жобасы елдің үмітін ақ­тай­тын нағыз уақытында жолға қо­йылған іс болып отыр. Біз құ­саған талай жанға демеу боларына се­німім мол», – дейді Маңғыстау об­лысы Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылының тұр­ғыны, кәсіпкер Асылтас Қуатбаева. 

Қазір отбасындағы жанжал көбіне жанұядағы қаржылық мәселеден туындап жатқанын әлеуметтік сарапшылар айтып отыр. Тіпті, ажырасудың да 60 па­йызы қаржылық проблеманың ке­сірінен туындайды екен. Сон­дықтан елдің жаппай қаржылық сауаттылығын арттыру мемлекет үшін де, еліміздің әр азаматы үшін де аса өзекті. Бұл мақсатта «AMANAT» партиясының «Қа­рыз­­сыз қоғам» жобасына халық зор сенім артып отыр. Ел сеніміне селкеу түсірмей, барынша оң­тайлы қадам жасау партияның және жоба жетекшілерінің жіті қа­дағалауында екенін айтқан жөн. 

Бердібек ҚАБАЙ